Родился 14 ноября 1950 г. в Алтайском крае России. В 1968 году окончил среднию школу им. Ю.А. Гагарина с. Курчум ВКО, в том же году поступает в НАРХОЗ (г. Алматы) на специальность ОМОЭИ. Окончив два курса данного ВУЗа, переводится в 1970 году на факльтет журналистики КазГУ им. С.М.Кирова. В 1975 году успешно закончивает его. Сразу по окончанию ВУЗа устраивается гл. редактором отдела дубляжа киностудии «Казахфильм». Проработав здесь 16 лет, по приглашению Союза писателей Казахстана, 1989 году переводиться в редакцию журнала «Жұлдыз». Сначало возглавляет отдел прозы (1989¬ ¬- 91), ответсекретарь (1991-94), с 1995 года по настоящее время работает зам. главного редактора. Одновременно с 1997-2014 г.г являлся главном редактором отдела перевода фильмов телеканала «Агентство «Хабар».
Он является автором сборников рассказов и повестей: «Сүткенже» («Последыш»), «Айлы түн еді» (» Была лунная ночь»), » Қайыңдар, аппақ қайыңдар» («Березы, мои березы») ,»Көлеңкелер патшалығы» («Царство теней»), а так же он известен как автор популярных романов: «Айқараңғысы» («Межлунье»), «Желқайық» («Парусник»), «Эпилог», «Қызылбалақтың қазасы» («Гибель красноногого орла»), «Мен ¬- жындымын» («Я — сумашедший»).
Им переведены отдельные произведния русских и европейских классиков, сценарии более 500 художественных фильмов. Лауреат литературной премии «Алаш», закрытых литературных конкурсов «Жалын» (Первая, Вторая премии), Вторая премия конкурса «Қазақ хандығы -550», в 2017 году его роман «Мен — жындымын» признан Лучшим романом года (Конкурс «Алтын қалам» ¬- Гранпри).
Награжден орденом «Құрмет».
Член Правления Союза писателей Казахстана.
Роман «Мен — жындымын»
отрывок
«КТК» арнасынан кешкілік жаңалықтарды қарап отырғанмын.
Әдеттегідей, жер-көктегі жамандықты жиып-теріп көрсетіп жатыр: Павлодарда сегіз жасар сәбиді зорлап өлтірген педофил ұсталыпты… Жамбыл облысында бір әйел жаңа туған нәрестесін жол бойындағы дәретханаға тастап кетіпті… Бірінен бірі өтеді. «Бұ дүние не боп барады?!.» Көңілім құлазып тұрып кетейін дегем, өз дауысын өзі тамашалағандай көмейінен күмбірлеп екпіндете сөйлеген қарға бойлы, қауға сақал диктор бір жұтынып алып: «Бүгін Алматыдағы «Жомарт» базарында жан түршігерлік оқиға болды. Тапа-тал түсте «Т» деген азамат…" диктордың дауысымен ілесіп экран бетіне қалқып шыға келген суретті көргенде, жүрегім тас төбеме шықты. «Сол!..»
– Мә-ә, мынау әлгі сенің досың ғой… ой, бейшара! – деді тырнағын егелеп, диванның ортасында үйелеген әйелім жайбарақат.
Түнімен көзім ілінбеді. Таңертең шайымды шала-шарпы іше салып, базарға тарттым. Күзетші жігіт көз алдындағы болған оқиғадан әлі есін жимағандай, темекісін үсті-үстіне сорып, басын шайқай береді.
– Сіз кім боласыз? – деді.
– Жолдасы едім.
– Киім-кешегін жинап қойдым. Алып кетесіз бе?
– Иә.
Дүңгіршекке кірдік.
– Жазып жүретін қағаздары болушы еді ғой?
– А, міне… – Жігіт тамақ ішетін үстелдің суырмасынан «Канцелярская книга» деген қатырма мұқабалы, жуан, сары журналды алып берді.
Дүңгіршектің іші қапырық. Пердесіз терезеден күн көзі шақырайып тұр.
Не жазды екен деген әуестік билеп, көлеңкесі отау үйдің орнындай дөңгеленген үйеңкінің түбіндегі орындыққа барып жайғастым да, журналға үңілдім…
Министр боламын
Е–е, беу, қайран күндерім-ай, қолдан шыққан бұлдырықтай пыр етіп ұштың да кеттің-ау! Сағымға сіңіп жоғалсаңдар да сағынышты елесің көңіл түкпірінен өшер ме әсте. Иә, бір кезде тәп-тәуір экономист едім, жәй ғана тәуір емес, «мына бала аман болса, бір жерден бұзып-жарып шығады әлі» деп талайлар маңдайыма мөр басып, тағдырымды айқындап қойған жә деген мықтының өзі едім. Әйгілі «Нархозды» қол күйдіретіндей қып-қызыл дипломмен бітіріп, одан да айбыны асқан «Плехановканың» аспирантурасына жолдама беріп тұрғанда, «білім онсыз да миымды шертіп лықылдап тұр, тағы қосылса, басымды жарып кетер» дегендей кегежем кері тартып, бармай қойғанмын. Ләкин оныма өкінбеймін. «Бізге кел, бізге кел!» деп тәтті тоқаштың шетін шығарып қызықтырған көп мекеменің шекесінен шертіп жүріп, Алматыдағы әйдік өндіріс тресіне экономист болып орналастым. Ол кезде өмірдің таразысы әділдеу, аз да болса қабілет- қарымыңды бағалаушы еді ғой. Екі айдан соң бас маман ғып өсірді.
Келіншегім екеуміз үйлене сап жылға жеткізбей патриоттық ұлы сезіммен:
«Уа, Отан, қабыл ал біздің сыйымызды!» деп, егіз ұл-қызды жарқ еткізіп жарық дүниеге әкелген соң, кәсіподақ пен трест басшылары: «Оһо, біздің жас маманның жұмыста ғана емес, махаббат майданынындағы екпіні де қатты екен» деп, шампан атып, қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пәтердің кілтін ұстатқан. «Әзірге осында тұра тұрыңдар, жақсы бастамаларың жалғасын тауып жатса, тағы да көрерміз» деген тілеулестік танытып. Өкінішке орай, біз басшылардың үлкен үмітін ақтай алмадық. Һаял қыңқылдап: «құрсын, мына қарқынымызбен отыз беске жетпей «Алтын алқа» тағып жүрсем, өлә, елден ұят-тағы- ы!» деп бетін шымшып шиедей қылған соң, «мировойға» келіп, тағы бір баладан кейін тормоз басып, тоқтап қалдық. Қысқасы, «Алтын алқаға» ұмтылмай, түнде тыныш жатып, ұйқыны қандырып, тың күшпен білек сыбана Отанға қызмет етейік деп құлшынып жүргенде, Совет үкіметі бар болғыр, бұршақ ұрған көтерем тоқтыдай, бір-ақ күнде тыраң етіп тырапай асқаны Құдай атып! Танктің үстіне шығып Кремльлге басып кірген өр мінез Барыс деген тентек патша бұрынғы отарлардың бәріне еркіндік берді, «ойбай, бізге азаттық керек емес, мәңгілік бірге боламыз деп ит терісіне мөр басып қатын патшаға берген антымыз бар!» деп аяғын құшақтап жатып алғандарды «кет, к ебене мәтери!» деп көтеннен бір-ақ тепті. Біздің көреген көсемдер де Қызыл өкіметті иттің етінен жек көреді екен, осы күнге қашан жетеміз деп іштеріне қан қатып, «фигаларын» «мә, қоңқай!» деп қалталарының ішіннен шығарып әзер шыдап жүрсе керек, сол күні-ақ қып- қызыл партбилеттерін қып-қызыл отқа лақтырған. Ескімен аяусыз күрес басталып бір кетті дерсің: социализмнің құбыжық көрінісі деп завод- фабрикаларды жапты, колхоз-совхоз түгелдей таратылды. Шіркін, қандай данышпандық көрегендік десеңші. Расында да айналаға қара түтін, у бүркіп экологияны құртатын завод-фабриканың не қажеті бар? Табын-табын сиыр, отар-отар қой-ешкі ұстап, мал басын елу миллионға жеткізем деп тыраштану да ақымақтық. Етті көп жесең, холестеринің көбейіп тез өлесің. Әркім өз қажетіне лайық өз малын өзі бақсын, аштан өле ме, майға тойып аурудан өле ме өзі білсін, шорту! Әзірге Қытайдың арзан тауарын талғажу ете тұрамыз. Жапон, Израиль, Еуропаның білгірлерінен үйреніп, күн, желдің иен-тегін энергиясын пайдалану арқылы өндірісімізді жедел дамытамыз да, Шығыс Азия барыстары сияқты, әлемнің ең озық отыз елі өрмелеп бара жатқан өркениеттің арайлы асқар шыңына бір-ақ қарғимыз!.. Қандай керемет шешім!
Біздің трест те жабылды. Біраз жұрт «енді қайттік?» деп абыржығанмен, өзімнің басымдағы жаман тымағым алшысынан – қалай дегенмен патриот емеспін бе, «азат болдық» деген бір ауыз сөз мың-сан байлықтың өтеуіндей көкірегімді қыз-қыз қайнатып, уайым-қайғы ойлатқан жоқ. Газет оқимын да есінеймін, телевизор қараймын да ұйықтаймын. Басқа не істейсің? Шіркін, тегін тамақ табылып тұрса, рахат деген осы емес пе. Бұл үйде жібі түзу бір зат жоқ, бәрі қисық-қыңыр: аузы қисайған сыртқы есіктің қиюына саусақ сиып кетеді – қысты күні газет тығып қоямыз; қолжуғыштың шүмегінен су тоқтамайды; шкафтардың қақпағы қитардың көзіндей бірі айға, бірі сайға қарайды… осыларды көрген сайын әйел байқұс:
«Бұл қараң қалғырдың үйінде еркек жоқ, қолдары теріс біткен!» деп бір күңкілдеп қояды. Кешкілік балалар шала мүжіген «тәщәктің» сүйектерін алдыма үйіп қойып, қатынның «не көрінді, байқұс, итке де бірдеңе қалсын да» деген қыжыртпасына қарамай, шетінен қытырлата қылтанақ қалдырмай малжаңдап отыр едім, тоңазытқыштың үстінде тұрған жүз жылғы лақса «Горизонт» тағы қояншығы ұстап, жыпылықтай бастаған соң, үлкен ұлым әдеттегідей төбесінен бір періп, көзін бағжаң еткізіді. Экран сәл дірілдеп тұрды да, тұңғиығынан бір шытынаған жылтыр шеке сүзіліп шыға келді. Қолымдағы тоқпан жіліктің жуан басы аузыма жетпей қаңтарылып қалды. «Өй, мынау Мақаш қой, Мақаш!» Қамалап, микрофондарын аузына тықпалаған журналистерге интервью беріп тұр. Мәс-са- аған безгелдек, министр болыпты! Жағым салбырап, аңқиып қалған аузыма торғай кіріп кетсе де сезер емеспін. «Қарай гөр жаман немені! Менің қоластымда істеген. Қара сөмкесі салпақтап, бізге арақ тасып жүруші еді. Сусылдаған сөзі болмаса, іске татырлық білік-білімі жоқ, шала сауат көп сұрқылтайдың бірі. Оның жанында мына мен… мен деген!..» Әйелімді кейде жақсы көріп, өзімсініп әсерленіп кеткенде: «әй, қатын» деп еркелетіп, басқа уақытта Пайғамбар әулеті – қожаның тұқымы болғандықтан ресми түрде «һаял» деп әспеттейтінмін. Сол әдетіммен:
– Әй, қатын! – дедім дауысым қалай қатты шығып кеткенін аңдамай.
Қарсы алдымда отырған әйелім жалт қарап , қабағын қайшылады:
– Не болды айдалада отырғандай айғайлап, бір жеріңе біреу біз сұғып алды ма?
– Мен министр болам!– дедім ентігіп. Шашына қына жағып, басына целлофан қалта киіп алған әйелім онсыз да бадырайған томпақ көзі алая-алая стаканның аузындай боп бетіме үнсіз қадалды, көзімнен ештеңе ұқпасаң, онда мынаны көріп ал дегендей, екі саусағының арасынан бояу жұққан қып- қызыл басбармағын қайқайтты. Волга бойында туып, орыс арасында өскендіктен ойындағысын іркілмей тура айта сап, кейде осындай бейпіл қылық көрсететіні де бар.
– Неге? – деппін абыржып қап. – Мақаш болғанда, мен неге болмайды екем?
– Оның қатыны кімнің қызы екенін білесің бе?
– Білем.
– Білсең–сол!
Ары қарай дауды өршіткем жоқ. Бұл әйел деген қызық халық қой. Бәрін өздерінің шолақ ақылымен өлшеп-пішеді. «Пәленшенің түгеншесі деп, барлық жерге Мақаш сияқтыларды ала береді дей ме екен? Онда мемлекет қирамай ма! Вот, надан қатынның сображаловкасы, а!..» Айтуға бата алмай, қарсылығымды күжірейген желкеммен білдіріп теріс айналдым. «Ғажапстанға саяхат»
Мақаштың шарықтап өсіп кеткеніне ішім қыжылдап әлдекімге өкпелейтін сияқтымын, соған қоса әлдебір бұлыңғыр дәме бұлаңытып емексітетіндей де. «Мен сияқты алтын басты маман далада жатқан жоқ. Бір қолын екі ете алмай отырған Үкімет ертең өзі-ақ «қайдасың, көке!» деп іздеу салар. Тұра-тұр бәлем, сонда «министрден төмен жұмысқа бармаймын» деп шіренермін-ау!» деп қиялыма тоғайып, шалқамнан түсіп жаттым да алдым. Бір бүйрегіме өкпені, бір бүйрегіме дәмені бұлтитып тығып алам да күні бойы белі түскен көк диванның кәрі сүйегін сықырлатып, оң жамбасыма –бір, сол жамбасыма бір дөңбекшимін кеп. Бір күні телефон шыр етіп:
«Пәленшеке, сізді Үкімет Аппаратынан іздеп жатыр, қосайын» дейтіндей, не біреу есік қағып, Әкімшіліктен іздеп келетіндей күні бойы елеңдеп елегізумен боламын.
Жатқан адамға уақыт өте ме? Іш пысқан соң ермек етіп радио тыңдаймын, екі данасын бірдей күнде есікке тегін қыстырып кететін етектей «Егеменді» оқимын. Бір тепсінген өлермен дауыс аузын толтыра балп-балп етіп, Яссауидің басына тәу ете келген дүниежүзі қазақтары Құрылтайы делегаттарының алдында: «Уа, ағайын, ақ түйенің қарыны жарылды деген осы емес пе. Осындайда қалпағымызды аспанға атпағанда қашан қуанамыз.
Бүінгі таңда елімізді бүкіл әлем мойындап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Осының бәрі дана басшылықтың арқасы. Құдайшылығын айтыңдаршы, Абылай заманында да қазақ осындай мәртебеге жетіп пе еді?!!» деп өзеурейді. «Өй, қырт! – деймін қарқылдаған дауысыма ие бола алмай. – Абылайдың заманында Біріккен Ұлттар Ұйымы болып па екен!» Ішімді басып бір сағат күлген шығармын. Ішегім түйіленше солқылдадым, ескі диван серіппесі қырқ-қырқ етіп, «солай-солай» дегендей қоса селкілдеді. Расында да қызық. Аристофан комедияларын тамашалағанда да мұндай күлкіге батпассың. Өзіме жақсы болды, тыңдаймын да тырқылдаймын, оқимын да қарқылдаймын, ертелі-кеш сылқ-сылқ күліп жата беремін.
Бірте-бірте күлкім азайып, аузымның аңқайып ашылуы көбейе бастады. Радионы тыңдап отырсам, «Егеменді» оқып отырсам, мә-ә, керемет: Қазақстан дегенің «Байқоңырдан» гептилін жұпардай бұрқыратып ұшқан орыстың «Протонындай» шарықтап, прогрестің жарқын жолымен зымырап барады екен, көктемгі гүлбақшадай гүл-гүл жайнап құлпырып кетіпті, жүдә.
Украина, Эмират, Чехия… дегендерің «мә-піш!» Мына екпінімен әлем тамсанатын Әмірикаңның өзін қуып жетіп, көтке бір теуіп етпетінен омақастырмаса не дерсің! Тек мен ғана өзімнің кертартпа, кежір ойларыммен бықсып-борсып ескі өмірдің жұртында, ескі диванның үстінде аяқ-қолым тырбаңдап қалып қойыппын–ау! Апалақтап, мен де нұрлы көшке ілесейін деп сұп-суық сұрқай үйден атып шығып, Өмірге қарадым. Қарадым да көріп тұрғаныма сенбей, көзәйнек киіп қайта қарадым. Жоқ, бәз-баяғы сол қалпы