Сауле Досжанова

Досжанова Сауле Магазбеккызы родилась 2 сентября 1959 года в ауле Актам Уйгурского района Алматинской области.
Начиная с 1974 года ее стихотворения и статьи стали публиковаться в районной и областной («Жетісу») газетах.
С отличием окончила Актамскую среднюю школу.
В 1987 году окончила факультет журналистики Казахского Государственного Университета.
В 2006 году окончила юридический факультет Центрально-Азиатского Университета.
Еще в стенах университета ее произведения вошли в сборники молодых поэтов «Аудитория», «Тоғыз перне», «Қарлығаш», а на фестивале «Жігер» она стала лауреатом и известной в республике.
Заместитель главного редактора газеты-журнала «Қазақ тілі мен әдебиеті», первый редактор журнала «Ұлағат».
С 2003 года – ответственный работник в Аппарате Мажилиса Парламента Республики Казахстан.
Награды:
2001 год – «Лауреат премии имени Ануара Байжанбаева» Союза журналистов Казахстана в связи с 10-летием Независимости Казахстана.
2002 год – Гран-при совместного конкурса Парламента РК и Министерства обороны «Ел қорғаны».
2006 год – юбилейная медаль «ҚР Парламентінің 10 жылдығы».
2009 год – нагрудный знак «Мәдениет қайраткері» Министерства культуры РК.
2010 год – Гран-при по поэзии на республиканском конкурсе НДП «Нұр Отан» «Елім деп соққан жүрегім».
2011 год – третье место на республиканском поэтическом состязании (мушайра) «Тәуелсіздікке тарту».
2011 год – присвоено звание «Почетный гражданин Уйгурского района» Алматинской области.
2013 год – второе место на поэтическом состязании (мушайра) «Жайна, жаса Астана», посвященном 15-летию Астаны.
2014 год – призер радиофестиваля «Әскери әндер» за произведение «Сарбаздар маршы».
2015 год – юбилейная медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы».
2015 год – Указом Президента РК присвоено звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
2016 год – юбилейная медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».
2016 год – победитель номинации «Үздік ақын» на форуме «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР», посвященном 25-летию Независимости страны.
Член Союза писателей и Союза журналистов Казахстана.

Творчество:
2000 г. «Жыр тәж» (поэзия) / издательство «Атамұра»;
2006 г. «Үшінші есіктің құпиясы» (проза) / издательство «Қазақпарат»;
2008 г. «Жатқа туған бала» (проза) / издательство «Фолиант»;
2011 г. «Арман қала» (поэзия) / издательство «Қазығұрт»;
2013 г. «Үлкен үйдегі үрей» (проза) / издательство «Жазушы»;
2014 г. «Құдіретті қалам иесі» (проза) / издательство «Фолиант»;
2015 г. «Менің жалғыз серігім» (поэзия) / издательство «Дәстүр»;
2016 г. «Өгей жүрек» (проза) / издательство «Фолиант»;

Автор мультфильма «Маймақ қаз» и текстов около 20 песен.


повесть «Өгей жүрек»

отрывок

— Осыдан аман қалсам… Осыдан аман қалсам…. аман қалсам… аман қалсам… қалсам… қал…
Кеңірдегіне түтік жалғанып, наркоз аппаратына қосылған жігіт аузы күбірлеп, санасы тұманданып, ұйқыға кетті.
Осыдан аман қалса, не істемекші?! Осыдан аман қалса қандай тау қопармақшы?! Жүрегін ауыстыру үшін ота үстелінде наркозбен ұйқыға кеткен жігіттің жүрегінде қандай арман кетті. Енді ол аман ояна ма?!
Үшінші ота жасау залының сырғымалы есігі ашылғанда …
Төрт қабырғасын болатпен қаптаған кең де салқын бөлмеге төбеден екі операциялық шам төніп, одан түскен жарық әр нәрсені ұлғайтып көрсететіндей.
Ортада ота үстелі. Бас жағында – Монитор – негізгі өмірлік аппарат. Ол жүрекке электркардиожазу (ЭКГ) жасап, жүрек ырғағын, тамырлардағы қан қысымының өлшемін, қанында оттегінің қаншалықты көлемі бар екенін көрсетіп тұрады. Бөлменің түпкір жағында қанның тамшысынан анализ шығаратын минилаборатория тұр. Ол қанша керек болады, соншалықтысын жылдам жасап береді.
Бір жағында жасанды электрокардиостимулятор жүрек ырғағын қадағалап тұр.
Отаға керекті инелер, системалар, тағы басқа қажеттер үстел жанындағы тартпаларда.
Ота үстелінің сол жағында аспанда телевизор ілініп тұр, содан хирургтың бар жұмысы көрініп тұрады.
Бәрі әлемдік медицинада қолданылатын заманауи жаңа құралдар.
Бөлмеде отаның күрделілігіне қарай екі кардиохирург, бір перфузиолог, бір анестизиолог, екі анестизистка және көмекшілер болады.
Ота үстелінің жанында анестезиолог пен көмекшісі наркоз аппаратының тыныс алу қалтасымен айналысуда.
Ассисенттер киініп, операция алаңын стирилденген жаймалармен жауып, реттестіру үстінде. Бөлмеде мұқият тазалық билік жүргізіп тұрғандай.
«Отаға қалай дайындалады, солай өтеді» дейтін дәрігерлердің серті бар.

Сондықтан әрқашан өте тыңғылықты әзірлікпен кіріседі. Олар үшін әсіресе, интубация жасау процесі өте маңызды. Ол науқасты отаға әзірлеп қою дегенді білдіреді. Қан тамырларға кіріп, дәрі құятындай етіп дайындайды.
Екінші хирург келіп негізгі хирургке науқастың көкірегін жарып кеуде қуысын ашып отаны бастауға әзірлеп қояды.
Қандай отаны да жалғыз хирург жасамайды. Жүрек алмастыруды былай қойғанның өзінде, қазір үйреншікті іске айналып кеткен аортокоронарлық тамырластыру кезінде де тұтас бригада: екі оташы, жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін екі маман, екі анестезиолог, қан құюмен айналысатын маман, мейірбикелер жұмыс істейді. Міне, солардың барлығының үйлесімді қызметін қамтамасыз еткенде ғана жақсы нәтижеден үміттенуге болады.
Операция жасау деген музыканттардың үлкен бір опералық шығарманы орындап шыққанындай. Бәрі бір нотадан басталып, бір деммен аяқталғандай болады. Ең соңында науқасты реанимацияға ауыстырады… Ал, мына отаның жөні бөлек. Оның сәтті аяқталатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Оны келісім беруге ұзақ ойланып-толғанған сырқаттың өзі де түсінетін сияқты. Мүмкін, оған Юрий Владимировичтің ештемені жасырмағаны да әсер еткен шығар. Мына жатқан жігітке де бәрін жасырмай айтқан: өте күрделі ота. Бұрын Қазақстанда мұндай ота жасалмаған. «Солай екен деп үрейленудің де жөні жоқ, бәрі жақсы болады. Қорықпаңыз»,- деген.
Дәл осы сәтке ең жауапты адамдар – кардиохирург Юрий Владимирович Пя мен Чех елінен келген әріптесі Ян Пирк операцияға кіреберіс бөлмеде шынтақтарына дейін сыбанып, қол жуып жатты. Үстілерінде мақтадан тігілген жасыл түсті кастюм. Көздеріне оптикалық көзілдірік. Он есе ұлғайтып көрсететін көзілдіріктен ота жасалып жатқан алаңға қосымша жарық түседі.
Бәрі алдын-ала ойласып қойғандықтан екі маман да аса сабырлы. Кеше осынау тарихи шаруаға қатысатындармен соңғы рет бас қосып үлкен кеңес өткізген. Ота кезінде болатын, ойда жоқта шығып қалар оқыс жағдайлардың бәрі алақанға салғандай ақыл таразысынан өткен. Енді басталатын операциядан басқа ешқандай мақсат қалмаған секілді. Қабырғаға ілінген ыдыстың шүмегінен антисептик ағызып, қолдарын тағы жуып алды да, екі қолын алдына соза ұстап, Тәңірден кейінгі кереметтей болып екі хирург операция бөлмесіне енді.
Ассисент асептикалық салфетка ұсынды. Қолдарын сүртіп, резеңке қолғап киді. Хирург желеңін көмекшілері алдыңғы жағынан ұсынып кигізіп, бетпердені құлағынан ілді. Бас хирург халатының бауын тек өзі ғана байлайды екен. Ол инфекциядан сақтықтың бір белгісі.

Есіктен дәл осы сәт үшін қасиеттінің қасиеттісі – ЖҮРЕКті контейнермен алып келе жатты…
Екі бригада жұмысқа кірісіп кетті.

Көмекші ассисент теріні электропышақпен тіле бастады.
Бөлмені күйген тері исі алып кетті.
Электроарамен төс сүйегін дызылдатып отыз сантиметрдей кесті.
Ашылған кеуде қуысынан жігіттің ауру жүрегі көрінді.
Юрий Владимирович қолындағы калгульяторының түймешелерін күйсандықтың пернесін басқандай ерекше бір жылдамдықпен кезекпен басып жатты.
Басталды жаратылыспен жарысу…
Басталды!
Түсінгенге – трансплантация жасайтын дәрігердің ниеті адал. Ұлы мақсат – адам өмірін сақтап қалу. Түйіні – адам жанын аман сақтап қалудың медицинадағы жаңа тәсілі біздің елде енді-енді қолға алыну үстінде.
Трансплантацияның жетілген түрі – жүрек алмастыруды Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық тұңғыш болып бастап, жеңіспен аяқтады!
Операция барысында Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен Республикалық диогностика орталығының мамандары да атсалысты.
Өмір мен өлім арасында жатқан жігітке сәтімен тіккен донорлық жүрек бірден жұмыс істеп, лүп…лүп…лүп.. соғып қоя берді. Отаны сәтті жасаған команда мүшелерінің де жүректері қосыла соққандығы сезілді.
«Осыдан аман қалсам!»,- деп наркозбен қалың ұйқыға кеткен жігіт алты сағатқа созылған операциядан аман қалды. Жігіттің жаңа жүрегі дүрсілдеп, алдағы қыруар шаруа, таусылмас тіршілік күтіп тұрғанынан хабар беріп оятты…
2
Жансақтау бөлмесінің ортасындағы жалғыз, әппақ сейсепті төсекте неше түрлі түтікшелермен медициналық аппаратқа жалғанып жатқан жігіттің құлағына атын атап «Жәнібек! Жәнібек!»-деген бір үн алыстан талып жетеді.
Өзін шақырған дауысты еміс-еміс естігенімен үн қатып, жауап беруге әл- дәрмені жоқ.
Басы мең-зең. Көзін ашпаққа ұмтылады, бірақ айқасып қалған кірпіктері көтерілмейді. Асты мен үсті жабысып қалғандай. Аузына эндотриахиалды түтік тығып қойыпты, тісі соған қарысып қалғандай. Содан еріндері ашылып, жабылмайды. Әйтеуір мұрнымен тыныс алып жатқанын сезді арғы бір түйсігімен.
Мен қайдамын? Кеше маған операция жасап еді ғой. Соның сәтті өткені ғой, мен тірі жатырмын деп ойлауға шамасы келмей, санасы қайта тұманданып кетті.
Қанша уақыт өткенін кім білсін, бір кезде санасы қайта оянды. Көзін ашпаққа ұмтылып, кірпігін қимылдатты. Зілдей болып жатқан басын көтермек болып, ары-бері қозғады.
— Оянды! Оянды!- деген жанында отырған медбибі дауысын еміс-еміс естіді.
Біреу маңдайынан сипап, «Жәнібек!» деді. Өзінің аты екенін біліп жауап бермекке ұмтылып еді, аузындағы түтіктен ерні қимылдамады. Даусы да шықпады. Көзін ашпаққа ұмтылды. Кірпіктері жартылай ашылғандай. Нәзік сәуле сезді.
— Көзін ашты!,- деп бір дауыс қуаныш білдірді.

Қайда жатыр? Жаңағы кімнің дауысы? Мунираның дауысы емес пе? Дыбыс беруге жарамай қайта ұйықтап кетті.

Осылай өлім мен өмірдің ортасындағы қалың ұйқыда, жаңа жүрегі лүп…лүп.. соғып Жәнібек тағы бір тәулікті өткерді.

Жалғас бөлмедегі терезе арқылы кезекші дәрігер мен медбибі көз жазбай кезектесіп қарап отыр. Кардиохирургтер Юрий Владимирович пен Махаббат Сансызбайқызы да екі-үш мәрте келіп, жүрек соғысын бақылап, дене температурасын байқап кетті.
Кешелі бері Жәнібек Оспановтың өмірінің әр секунды тек осы орталықтың ғана емес күллі республиканың бақылауында десе де болғандай.
Операция сәтті өтті.
Донордың жүрегі жаңа кеудені жатсынбай ойдағыдай соқты.
Ағзаны алушы реципиент алты сағаттық операцияны көтеріп, наркоздан оянып, тіршілік белгісін білдіруде.
Адам жүрегі әр соғысында насос сияқты жұмыс істейді және керекті қанды дененің ең шеткі нүктесіне дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Әр соғысында қан тамырларға белгілі бір күшпен айдалады. Бұл күш қан қысымы деп аталады. Жүрек еш тоқтаусыз соғады және тәулігіне денедегі қанды толық мың рет айналдырып отырады. Ерекше қасиеті – тоқтамастан, демалыссыз өмір бойы жұмыс істейді. Ол дүниедегі тоқтаусыз істейтін жалғыз мотор дейді ғалымдар.
Міне, ғалымдардың зерттеулерімен үндескендей жаңа жүректің соғуы бірқалыпты, осы жатысында қан қысымы космановттікіндей деуге болады. Жәнібек Оспановқа жасалған операция алпыс бірінші жылы Кеңестер Одағының косманавты Юрий Гагариннің Айға ұшқанындай болды. Тәуелсіз Қазақстан елінде тұңғыш рет адам жүрегін алмастырып салу операциясы сәтті өтті. Операция жасаған команда әзірге сыртқа сыр бермей пациентінің жағдайын бақылауда. Еңбектерінің нәтижесі – Жәнібек тілге келіп, басын көтергенде көрінетіндей.
Донордың өлі денесінен алған жүректі реципиенттің аурудан әбден қалжыраған денесіне орналастырып, оның қайта соқтыру оңай ма?! Жәнібек екінші тәуліктің таңын көзін ашып қарсы алды. Жанын жегідей жейтін аурудан белгі де жоқ. Жүрегі тыныштықта! Пайғамбарымыз с.ғ.с: «Адамның денесінде жұдырықтай бір ет бар, ол сау болса барлық ағзасы сау болады, ол – жүрек. Жүрегі таза адам тыныштықта өмір сүреді. Ал, адам баласы үшін ең үлкен бақыт – жүректің тыныштығы» деген. Сол тыныштыққа жеткені ме?! Соны ойлауы мұң екен, қуаныштан жаңа жүрегі лүпілдеп қоя берді. Бұрын жүрегі өте әлсіз соғатын, тіпті кейде соқпай қалғандай, тып-тыныш болып қалатын. Сондай кезде Жәнібек дереу мойнындағы, білегіндегі күре тамырларына саусағын басып тың тыңдағандай тексеретін. Шынымен соқпай тұрғанын сезгенде қорқыныштан қара терге түсетін. Бұрынғыдан да әлсіреп қалатын. Ал, кәзір жүрегінің қатты соғып жатқанын, тіпті атқақтап аузынан шығып кетердей болып тұрғанын сезді.
Өмірге құштар жүрек екн!
Өзінің алпауыт операциядан аман қалғанын толық сезініп жатыр.
Көзімен жан-жағын шолып шықты. Бөлменің қабырғалары әппақ. Терезеден тамыз шуағы төгіліп тұр. Жарық дүниені көру, өмірге жан-дүниеңмен құштарлық таныту қандай бақыт.
Құдайға шүкір! Аман қалдым!. О, Жарық дүние сені көру қандай бақыт!
Көңілі шаттыққа бөленген жігіттің мұрнына ет қосып қуырған картоп исі келгендей болды. Қандай хош иіс! Сол тағамға аңсары ауып қоя берді.
Картоп пен ет! Онысы несі, өзі сорпалы тағамды жақсы көретін. Қуырмаш тамақты студенттің асы деп онша ұнатпайтын. Соны білетін жары да көбіне сорпалы, бапты тағам әзірлеуге тырысатын. Қалай болғанда да екінші рет өмірге келген осындай сәтте қуырған картопқа аңсары ауатындай еш негіз жоқ еді.
Жәнібек өзіне салынған басқа біреудің жүрегі арқылы сол тағамға әуестігі оянып отырғанын түсінбеді…Бір кезде есіктен ақ киімді топ адам кірді. Бұлар донор жүрегін трансплантациялау операциясына қатысқан докторлар мен медбикелер болатын. Бетперделерінен көздері ғана көрінеді. Сол көздерден шуақ пен қуаныш төгіліп, қоршай тұрып Жәнібекке үлкен бір сүйіспеншілікпен қарайды.
Жан алып, жан берген еңбектерінің жемісін көргендей шаттанады.
Жігіттің осынша азапты көтеріп, бәріне төзгендігіне ризашылық білдіреді.
Ештеңе айтпаса да адам жанарының іштегі бар сырды көз қарасынан ақтарып салатынын Жәнібек бірінші рет көріп тұрғандай. Қалың қастарының астынан оның да жанары құтқарушыларына қуаныш нұрын төгеді…
Жәнібек олардың әрқайсысын көздерінен-ақ таныды.
Юрий Владимирович Пя мен Чех елінен келген әріптесі Ян Пирк бас жағында тұр. Олардан кейін Бекбосынова Махаббат Сансызбайқызы…
Райхан Рахматуллаевна…. Жанарлары қандай мейірімді…Өз өмірін осындай ғажайып адамдарға сеніп тапсырғаны қандай жақсы болған.
Бұлармен бағана ғана операция бөлмесінде бірге болғандай. Одан кейінгі алты сағаттық арпалыс, одан кейінгі бір сөткеден астам ұйқыдан із жоқ. Еш жері ауырмайды.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (23 оценок, среднее: 1,96 из 5)
Загрузка...