Я, Омаров Сайын Нурланович родился 4 июня 1945 года. С 17 лет увлекаюсь литературой. 2015 году выпустил сборник рассказов «Менің қарлығаштарым». Продолжаю писать для своего удовольствия.
эссе «Айдох»
«Айдох» новелласының синопсисы
Осы новелланың кейіпкері екеуміз көрші тұрдық. Шамамен ол кісі меннен 7-8 жас үлкен болды.
Бозбала кезге жеткенде, ол адам туралы ел арасында қанқу сөздері, құрдастардың, көше адамдарының әңгімелерінен менің албырт көңілімде ол кісінің бейнесіне ерекше қызығушылық пайда болды. Осы құпия пиғыл маған дәйек бермейішкі сезіміме неше тұрлі ой ұялатты, бұл неге солай? Ондай нәрсе болама? Жеке басының құпиясын қалай сақтайдыдеген сұрақтар мені мазалап, тыныштық бермей, оның өмірі туралы неше түрлі қиялға кететінмін.
Мен он бір бітіріп, қалаға оқуға кеттім. Бес жылдан кейін, елге оралып, қызметке тұрған соң, кейіпкермен жиі кездесетін болдым. Жастық қиял ойлар, қайта оянып, ол кейіпкер туралы ойларды қағазға түртіп жүрдім. Қызмет, тұрмыс ықпалымен бұл әрекеттен көп жылдарға қол үздім. Кейін жетпіске жақындағанда балаларым, құрдастарым: «сен осы бір нәрсе неге жазбайсың» деген қолқасына бас иіп «Менің қарлығаштарым» деген новеллалар мен әңгімелер топмасын 500 данамен 2015 жылы Алматының «Темірқазық»баспасынан шығардым. Сол топтамада «Айдох» новеллада бар.
Біраз кітаптаға әңгімелердің ішінен осы жарияланып отырған конкурсқа «Айдох» әңгімені жіберу себебім, менің көзқарасымен тіршілікте ең құдыретті нәрсе адамның жан сыры, соны түсіну, соны зерттеп білу. Бұл адам әлемін ашу осының өзі керемет нәрсе емеспе. Көп жазбаларда белгілі ұлы тұлғалар туралы суреттеледі, ал қасымызда жүрген қарапайым адамдар көпшілікке елеусіз қалады. Ал мынандай бейнетке қолдан жасалған қиыншылыққа салынған жанның сырын шертпеу менімше әділсіздік деп түсінемін. Сондықтан кейіпкер Балатайдың ата анасы моншақтап мойнына салып берген тағдырдың тәлкегінің күәсі болғанмен, оны баяндауға бел будым.
Ол жәндік, жануар, адам бәрінен ұялатын қорқатын түпкі түсінігінде осылар, оның сырының жаулары болып көрінетін.Қандай мінез, жігер бүкіл әлеммен айқасты, ата ана нанымын, мүсәпірлікпен өздеріне жасап алған қиял арман затын бұлжытпай сырт көрініске болсада, шындыққа айналдырды. Адам табиғатты игере алады, бірақ жеңе алмайды; менің кейіпкерім осы аксиомамен таласты. Әрине, мұның ақыры әр кімге белгілі болсада, менің кейіпкерімсоңғы деміне шейін өз жанынның, ұстаныма берік болды – бұл оның жеңісі.Оған өз басының құпия сырын сақтаудан гөрі, өмір жолындағы қоршаған адамдардың иттігі, сатқындығы, екіжүзділігі, пасықтығыоның жан дүниесін түңілдірді, сондада ол қайысқан жоқ, сынған жоқ. Осы қасиеттер үшін, оның өмірі қағаз бетінде қалуын дұрыс деп есептедім. Әйел болып туып, еркек болып қырын сындырмай өмірден өтті. Ол қандай жақсы ана болатын еді, қазақтың бір кемеңгер ұлын асырар еді.Ескілік түсініктің бұғауынан шыға алмай қалған ата ананың арманын, үмітін үзбеймін деп өзін осындай азапқа салды. Бұл ерлік.
Адамзат бүкіл әлемнің сырын ашам деп жанталасса, Балатай өз құпиясынбүкіл әлем білмесін деп, жанталасып күресуде. Бұған қандай қайрат жігер, қандай сақтық, қандай тегеуірін керек. Ол тіпті тәтті ұйқыға кеткенде де, қымтанып, тұмшаланып жататын. Сауысқанның сақтығы оның деңгейінен төментін. Онымен қоса іштегі табиғаттың соқыр сезімдерін сөндіру, жою, әр осал адамның қолынан келмеймін әрекетті жүгендей алды. Әлем тылсымы қандай түсініксіз болса, әр адам тылсымы да жұмбақ, осы екі түсінікті меңгеру мүмкін емес шығар «Айдохта» осыған жауап бере алмайды, бірақ автор өз пәрменіне адамның жан дүниесінің психологиясын көрсетуге тырысқан.