Куляш Ахметова родилась в 1946 году, в 1973 году окончила Казахский государственный университет. В 1967-1980 годы работала литературным сотрудником, заведующей отделом редакций газет «Ленин жолы» Таласского района Жамбылской области и «Қазақстан пионері», редактором издательства «Жалын». В эти годы вышел в свет ее первый поэтический сборник.
Ахметова К. – автор сборников, таких, как «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Жапырақ- жаздың жүрегі», «Мейірім», «Жасыл жағалау», «Арғымақтар даласы» и других.
Куляш Ахметова – лауреат Государственной премии РК 2006 года, удостоенная ее за сборник стихотворений «Кек» («Месть»). Ее произведения переведены на языки тюркских народов, включены в школьные учебники. Обладательница главного приза республиканской мушайры, посвященной 10-летию независимости РК.
Куляш Ахметова — почетный гражданин Жамбылской области. С 1982 года — на творческой работе. Лауреат премии Союза молодежи Казахстана. Лауреат Государственной премии РК им. Абая. Награждена орденом «Құрмет».
Стихи и поэмы «Ғасыр қасіреті»
отрывок
ҒАСЫР ҚАСIРЕТI
1.
Қай заманда тимеген жанға сүргiн?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасiретi қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгi заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызыл ала…
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.
Құдiреттей күркiреп өктем келген
Өз ғасырым не қосты мал, жаныма?
Өзiмдiкi — қым-қуыт жаңалығы,
Өзiмдiкi — мiнезi, даналығы.
Жұмбақ ғасыр, монтаны, кесiр ғасыр —
Түбегейлi белгiсiз әлi анығы!
Марапаттап қуатын, құтты күнiн,
Жиырмасыншы ғасырдың мықтылығын,
Жиырма жылдай жырлаппын көштен қалмай,
Көзiмдi ашсам, көкiрек күптi бүгiн!
Мақтаныппын, мақтаппын — безiнбеймiн.
Ғашық болсын өмiрге озiмдей кiм?
Бiрақ менiң кеудемде жатушы едi
Жаутаңдаған ботаның көзiндей мұң.
Тамырынан байласа, босар шыбық…
Айта алмаған жүрогiм жас аршылып.
Түйнек болып жататын ар жағымда
Атамды арам өлтiрген ашаршылық.
Қасiреттен, қорлықтан халық талған,
Қасқыр, адам — бiр екен, анықталған.
Етегiне көйлектiң тығып ұстап,
Жалғыз ұлын жан әжем алып қалған.
Кең даламда береке, ырысқа бай
Кенеттен кеп тарылды тыныс қалай?
Алған шаштай мал деген сыпырылып,
Адам неге қырылды құмырсқадай?!
Кiм ойлаған болар деп қиын мұндай,
Илiкпеген басты да иiлдiрдi-ай!
Есiн алып, айырды иманынан,
Тәңiрiне, дiнiне де сиындырмай!
Дәуiрiме тигенде дәу зiл бүлiк,
Iшiмiзден көбейген жау жын қуьш,
Тұрам деген адамды тұралатып,
Айтам деген адамның аузын буып.
Шындығы мен сұмдығы сұрыпталды,
Рухты алды жоқшылық, ырықты алды.
Үңiрейген үй қалды жан орныида,
Мал орнында жүген мен құрық қалды.
Құлын, бота, қозы мен лақ бәрi
Қайда кеттi түк қалмай тұяқтары.
Көктем гүлiн көре алмай,
Қар астында
Қалды қамбар атаның пырақтары.
Қатып қамбар атаның пырақтары,
Сөнiп жатты жанары шырақтары.
Сұрақтары қағылып, iлмешектей.
Туды өмiрдiң басқаша сынақтары…
Аз дегендей
Мұншалық жұтты, лаңды,
Таппаса да дәлелдеп түк күнәңдi,
Түнiменен бiр жаққа алып кетiп
Жатты
Жақсы, жайсаңды, мықтыларды.
Жала жабар, аузыңды ашсаң ғана-ақ,
Жас сәбидiң көзiнен жас сорғалап!..
Опасыздар құтырды орын алып,
Қорқақтары құтылды бас сауғалап.
Ағайыны, әйелi қыспақ көрiп,
Аяқ асты үрейлi түс тап келiп,
Дұшпанынан секем ап жүргендердi
Дастарқандас достары Ұстап берiп…
Тыңшылар көп.
(Тыныш жүр, айналып өт)
Ақылдыны аңдиды әй, нағылет!
Қаймағынан халықтың
Қайта-қайта
Айырғанда,
Жүрдiң сен қайда, әдiлет?!
Бағын десе, баладай бағынамыз,
Таласпадық ешкiмнiң тағына бiз.
Қайта-қайта абақты, ату, айдау,
Айтсаңдаршы, бар едi не кiнәмiз?!
Қоштаса алмай үйiмен жөндеп тiптi,
Үмiт таңын көкелер шөлдеп күттi.
Әдiл заңның адамы дегендерiң
Әкiреңдеп, көрсеттi жендеттiктi.
Алыстады ата жұрт, бала, қызық,
Бiр жауыздар Көңiлi қара, бұзык, —
Тепкiледi аямай ананы да,
Ақынның да аузынан қан ағызып!
Айдатқанын бiлесiң, айдатқанын,
Ай батқанын бiлесiң, Ай батқанын.
Неге атқанын бiлмейсiң, кiм атқанын
Сайда атқанын… бiлмейсiң, қайда атқанын.
Қаталдығын көрсетiп ғасыр барша,
Сүйектерiн жел мен құм жасырғанша,
Белгiсiз боп бейiтi…
Әлi күнге
Гүл қоя алмай отырған жесiр қанша?!
Қанша сынақ? Құдай-ау, қанша сұрақ?
Қанша жұлдыз қүлады, қанша шырақ?
Қан шашырап Сталин шеңгелiнен,
Сөздерiнен төгетiн сонша шуақ.
Шыңғырсаң да шықпайды шындық одан,
Жан алғышты жинады жынды, надан.
Миллиондарды мың қолмен қырып тастап,
Пiрге айналған мiз бақпас сұмдық адам!
Табанында ождан мен арман жатты,
Көрсетпедi көкелер өлген жақты…
Қараңғыда атылған боздақтарды
Боралдайдың бораны қармен жапты…
2.
Бастан кештiк
Кезекпен езгi, аяуды,
Жазар дедiк жаңа кез тез қаяудыч
Көгендерден босадық,
Сонда да бiз
Көпке дейiн жүрiппiз көз бояулы…
Кiсендердi ағыттық, лақтырдық,
Дүниеге қарадық, құлақ түрдiк.
Бәрi жақсы деп жүрiп,
Өзiмiзден
Қателiктер кеткенiн бiр-ақ бiлдiк.
Даңққұмарды дақпырттап, дастан қылып,
Асып-тасқан әкiмдi аспанға iлiп,
Қара халық томпаңдап жүмылды iске
Жоғарыға бас шүлғып, жоспар қуып!
Жаппай жарлық, өресiз өкiм туып,
Өткелсiзге ұрындық, көпiр тұрып.
Көлдi былғап,
Көбейтiп АЭС-тердi,
Ғарышқа ұштық көктiң де бетiн тiлiп…
Кем емес ек, дастарқан, ықыластан,
Химия иiсi шығады бүкiл астан.
Темiр қанат құстардың қуатынан
Жыртылады түтiн боп бүтiн аспан.
Арнасымен ақпайды өзен де кең,
Жайлау қайда, самалдың сазы емдеген?
Күн нұрының құрамы қатты өзгерiп,
Қауiп туды “тесiлген озон” деген.
Құдiретке сенбедiк сестi деген,
Кеңесуге көнбедiк естiменен.
Қару түрi көбейдi қара жерде,
Ауру түрi көбейдi естiмеген.
Дария жоқ жататын толып ағып,
Жылдан-жылға жүдейдi қорық анық.
Орып алып орманды жер бетiнен,
Жер астының мұнайын сорып алып;
Аямастың айқарып қилы есiгiн,
Туажаттың сыпырып сый, несiбiн.
Қопарылыс,
Жарылыс жасап қолдан,
Табиғаттың бұзды адам үйлесiмiн!
Жұмақ iздеп қай жаққа қаңғырмақпыз?
Ертең қалай ел болып, сән құрмақпыз?
Шөбi шүйгiн, суы бал, ауасы нәр
Жайнамаздай таза жер қалдырмаппыз.
Оңай емес ақтарып тауысуым,
Iшiмiзге сақтадық намыс уын.
Iшiп отыр теңiздiң бойындағы ел
Қырық жылғы қҰбырдың сары суын.
Ойлайтүғын ер қайда түбiн барлап,
Бiрiн жөнсiз есiрттiк, бiрiн қорлап…
Мансап пенен абырой алғандардан
Ел тұрмысын сөйледi кiмiң қорғап?
Зиянды ауа самалмен таратылып,
Салғырттықтан қайысты қанат, уық.
Әйелдердiң ағарып қызыл қаны,
Құлағы жоқ, қолы жоқ бала туып;
Келешегiң көрiнсе көмескi егер,
Үрей басы пiлдей боп елес берер.
Шешесiнiң ақ сүтi iрiген соң
Шетiнейдi жазықсыз нәрестелер.
Кең жайлауға киiз үй пырдай қонып,
Отыратын өрiсiң тұрмайды оңып;
Домбыраны менсiнбей, дiннен безiп,
Шыға келдiк дәстүрден жұрдай болып.
Ыстан әрең көрiнер шыққан күнiң,
Ұнтақ қосқан айран мен сүт бар бүгiн.
Егiн ексең, мал жайсаң —
Жер құнарсыз,
Айтыңдаршы несi кем жұттан мұның?
Қайда менiң кеңдiгiм, биiктiгiм?
Жанарына жүлдыз да жиыпты мүң.
Бетпақдала, Сарыарқа сая болмай,
Қырылуда сайғақ пен киiк бүгiн.
Қасiреттен болмайды сырт тұруға,
Көкке қарап, көбiрек ит те ұлуда,
Бақа — шаян көбейiп қүмырсқадай,
Құрғақта пiл, мұхитта кит құруда.
Мұхиттардың тағдыры тiптi мұңды.
Асылдары азайды құтты, құнды.
Мұнай төккен, у шашқан ессiздiктi
Кiмге қалай бiлмейсiң ұқтыруды.
Сыңғырламай жүректiң iнжу әнi,
Кекке қарап көңiлiм тұнжырады.
Ракеталар осылай ұша берсе,
Жұлдыздардың шаңдарын кiм жуады?!
Әже арқалап барады немересiн,
Қарап тұрып мейрiмге бөленесiң.
Немересi не көрiп, не бiледi.
Келер ғасыр, сен оған не бересiң?
Болашағын бүл адам қорғамапты.
Бозторғайлар соңғы әнiн сорғалатты.
Келе-келе түйелер құрып бiтiп,
Кемелерi Аралдың сорға батты.
Қыран кеттi, тұлпар да тұралады,
Қиянаттан қиямет қүралады.
Адамдардың iсiне түлкi түгiл,
Аң патшасы Арыстан шыдамады.
Жауып келе жатқандай алып тұман,
Назаланып жылай ма жарықтық аң.
Ауытқыған заңдар мен замандар-ай,
Қалай ғана шыдаған халық бұған.
Адам деген осынау ат — тамаша!
Есiрмесе тек қана шектен аса!
Жоқ боп кеткен аңдардай жоғалады
Бiрiн бiрi бiрiгiп сақтамаса!
Баяғыда басталған қауiп, күмән,
қайда жүрген саңлақтар сайыпқыран?
Бiр жыл емес, он да емес,
Одан да көп…
Қалай ғана шыдаған халық бұған?!
Тiл бiлмесе, емес қой айыпты ұлан,
Тәлiмiне бермеппiз байыпты мән.
Кiм зорлады,
Алған кiм тiлiн кесiп?
Кiнәлi емес деп көршi халық бұған?!
Тiлiңе ерiк беретiн күн туғанда,
Шуақ шашып дүние қүлпырғанда,
Ақыл, намыс оянып түр-тұлғаңда,
Ынтымаққа, не жетсiн, ұмтылғанға!
Кешiрiмпаз,
Мейiрiмдi дала анық кең.
Көз алартпас ешкiмге алалықпен.
Қазақпыз бiз, қарайтын барлық ұлтқа
Бауырмалдық сезiммен,
Даналықпен!
Ақын тарих керуенiн еске алады,
Ескi кетiп, жаңа өмiр басталады.
Адам бүгiн ауасын, топырағын
Қорғамаса бiрлесiп, кеш болады!
Ақын заман көштерiн еске алады.
Ескi кетiп, жаңа өмiр басталады.
Адам бүгiн рухын, ұлан Жерiн
Қорғамаса бiрлесiп, кеш болады!
СЕН ҚАЗАҚСЫҢ
Сен – қазақсың!
Қазақ деген Ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киiз үйi Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бiр Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны – құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай
Қалған ұлтсың. Қаһармансың, ұлысың.
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбiр-күмбiр күрескерлiк – ғұмыры,
Тiрескеннiң дiрiлдеткен тiзесiн
Тұлпарының тұяғының дүбiрi!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегi ең,
Табиғаттан тəн тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмiр сұраған,
Жер бетiнен жерұйықты iздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нəсiп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерiң, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететiндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектiсiң!
Айбарлысың, ақылдысың, беттiсiң!
Көп болуға,
Бiр болуға тиiссiң,
Көрмеу үшiн жаттың езгi, тепкiсiн!
Сен – қазақсың!
Рухы еркiн, өзi еркiн!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзi еркiн.
Қайталанбас күйшiсiң сен құя алған
Домбыраның өзегiне өз өртiн.
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық iзгiлiкке жол ашып.
Дастарханың – елшiлiгiң ежелден,
Мейiрбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен – қазақсың!
Ғарышкерсiң, жаны – аспан.
Өрелiсiң, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марғасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едiң туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгi ал да,
Ата жұрттан, Ана тiлден айырылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!