Куандык Туменбаев

Куандык Туменбаев Ералиевич родился 22 августа 1955 года в Кзылординской области. Выпускник факультета журналистики Казахского государственного университета — 1972 -1977 гг.
Институт Литературы имени Горького — 1989 — 1991 гг.
Начало трудовой деятельности — корреспондент газеты » Лениншіл жас»(Жас Алаш») — 1977-1978гг.
Редактором издательства «Жалын» — 1978/1979 гг.,
Корреспондентом и заведующий отделом газеты «Жетісу» — 1979 -1984 гг.
Редактором отдела прозы в журнале «Жұлдыз» — 1984 — 1989гг.
Заместитель главного редактора газеты «Вечерний Алматы» -1991 -1992гг.
Главный редактор Главного управления информации периодических изданий и средств, Министерства Печати и массовой информации РК -1992-196 гг.
Главный редактор издательства «Казахстан»-1996-1998 гг.
Творческая работа — 1998 -2001 гг.
Заместитель главного редактора журналов «Казахстан» и «Жұлдыз»
Главный редактор журнала «Үркер» с 2008 года
В студенческие годы его произведение вошел в книгу первого сборника молодых писателей » На крыльях мечты» — 1976 г.
Автор 15 прозаических книг. В 2014 году вышел в свет его произведения в 6 томах. Его повести и рассказы переведены на нескольких языках, в частности, «Узоры на песке», «Муки человеческие», «Горемыка» на русском языке, » Қайың сапты кетпен» на уйгурском языке, «Кровные соседи» на немецком языке, а так же , » События в книжном городке» опубликован на турецком и каракалпакском языках. Член союза Писателей с 1988 года.
Деятель культуры РК . «Почетный гражданин» Шиелийского района, Кзылординской области. Неоднократный призер многих республиканских и международных литературных конкурсов. Лауреат международного Казахского ПЕН клуба


рассказы «Періште, Құлыпашар, Мұнар күн, Алматыда болған аңыз, Мылқау етікші»

отрывок

ПЕРІШТЕ

Бекшора бір жағынан асығып‚ бір жағынан алыстан келген қонағының қабағына қарап‚ сұранып кеткенім жеңілдік болар деп өзін-өзі тежеп‚ төзімнің тартпасын тартып отыр. Алыстан келген қонақ – бүгін сайланған депутат – бір жалаңаяқ журналисті жеңіп‚ жан жалауы желмен жарыса желбіреген сыңайы бар. Желмен жарыса желбірейтіні – асыққан әкім өзінің жағында; әкім бұның жағында болғасын бәрі осының ығына қарай жығылады. Бірақ журналист те жас болғанмен бәле екен. Осы жердің тумасы ғой‚ өз топырағының ойпат-қыраты мен кедір-бұдырына дейін жатқа айтты.
«Пайдалы қазба көп болғанмен халықтың тұрмысы нашар. Ауыз суға зар боп шөліркеп отыр. Қаратаудың етегінде мол таза судың қоры бар‚ сонан құбыр тартайық‚ бағдарлама жасайық»‚ – деді. Әкімнің кандидаты «Ауыз суды мен әкелемін‚ мойныма аламын»‚ – деп‚ жерден жеті қоян тапқандай жармаса кетті. Журналист жігіт: «Бұл ел уран деген улы қазбаның үстінде отыр. Бір жылда Шерліде төрт сиам егізі‚ екі қазанбас‚ төрт үш аяқты бала өмірге келген. Осының бәрі уран деген удың кесірі. Жер астына телегей-теңіз кислота деген сұйық жіберіп‚ уран шығарады. Сол кислота сіңген жердің суын сіздер ішіп отырсыздар. Сен тұршы‚ – деп залдың қақ ортасынан өңкиген бір сыныптасын тұрғызды. – Қараңдаршы‚ жасы қырыққа жетпеген жігітті. Басы Котовский деген қолбасшының басындай жып-жылтыр. Ол уран экспедициясында жұмыс істейді. Соның кесірінен жасына жетпей таз атанып отыр.
– Бәріміздің де шашымыз түсіп қалды‚ – деп зал улыған-шулыған болды.
Алматыдан келген депутаттыққа кандидат бағдарламасын толықтырғанда «Мен осы уран өндірісін тоқтату жөнінде үкімет алдына мәселе қоямын. Оған шамам жетеді»‚ – деп түйіндеді сөзін.
Әкім сайлау алдындағы бір жиналыста: «Уран – біздің байлығымыз‚ ол – біздің жердің бақыты. Сол арқылы біз үй соғып‚ жол саламыз. Онан зиян келеді деп ойламаңыздар‚ – деді.
– Онда неге оны күндіз емес‚ түнде тасиды‚ – деп біреу сұрақ қойды.
– Ол өз жұмыстары.
– Менің ешкім лақтап еді‚ алты сирағы бар…
– Біздің ешкі де лақтады‚ екі басы бар…
Арқасында Алла деген жазумен қойы қоздаған үйдің еркегі үндемеді.
Өйткені‚ ол сол күннің ертеңінде-ақ газетке шыққан.
– Бұны ветеринардан сұраңдар. Бір-ақ нәрсе – сайлауды ұқыпты өткізейік. Бізге кім көмектессе де‚ алыстан‚ астанадан келгендер көмектеседі.
Олардың сөзі өтімді.
– Парламенттегілердің бәрінің сөзі бірдей емес пе? – деді бұрын прокурор болған зейнеткер.
Әкім көзін алартып бір қарады да мінбеден түсе берді… Енді сол бүйрегі бұрған адамы депутат боп сайланып‚ соның тәтті шәйін тамсана ішіп отыр. Бүйрегі бұратыны – облыс әкімі: «Маған осы болсын деген нұсқау бар‚ «бір жолы болмай жүрген жігіт» деп Орталықтың өзі айтты» дегесін бұнда жан бар ма‚ мәслихат хатшысына: «Бар өнеріңді сал‚ бұл сайлау екеуімізге де сын» деген. Әйтеуір сол сыннан сүрінбей өтті. Ал асығып отарғаны – жұбайы Қайырниса толғақ қысып перзентханаға кетіп еді. Екі қыздан кейін ұл күткен сыңайы бар. «Осы үшіншіміз ұл болса‚ енді еш жеріңді ауыртпай демалысқа шығасың»‚ – деп өзіне тән мақаммен бірде әйеліне әзіл айтқан. Түс ауа кетіп еді‚ күн батқалы әлдеқашан. Қалта телефонын қосайын десе‚ ыңғайсыз. Мына көңілді отарыс‚ депутат боп қайтып бара жатқан кісінің көңіліне қарау бәрінен маңызды. Сәл қылау түссе‚ қуанышымды бөлісе алмай отыр деп ойлап қалуы мүмкін. Бұлар ұсақ- түйекке дейін қалт жібермейді ғой. Шенеуніктік көңілмен қарағанда‚ депутатқа тікелей бағынышты болмаса да Парламентте шіреніп отырған адамнан зиян жоқ. Оның үстіне‚ «жауда да болса бір үйің болсын». Түн бел ортадан ауып қалды. «Қонып‚ таңертең қайтасыз ба?» – деп еді‚ әбден араққа бусанған ел қалаулысы еліріңкіреп: «Жоқ‚ мен бұл жерге түнемеймін. Тынысым тарылады. Урандарың көп екен‚ бәрі соның бәлесі. Ақмешітке барып бір-ақ жығыламын. Сонан әрі ұшып кетемін»‚ – деп жауап берді. Орысша оқып‚ коммерциямен көзін ашып‚ бұл елде тарих бар-ау деп өмірі ойлап көрмеген әкім Бекшора «Ақмешіті несі» деп таңқалды да‚ самолет тек облыс орталығынан ұшады ғой‚ сірә‚ Қызылорда болар деп пайымдады.
– Өзіңіз біліңіз‚ аға… Депутат қатты құшақтап тұрып‚ екі бетінен алма-кезек шөп-шөп сүйді де‚ әкімнің «Джипіне» отырды. Бұл орынбасарының «Москвичіне» мінді. – Тынысым тарылып барады дейді. Тарылса кім шақырды… Өтпей ме‚ экологиясы жақсы жерден. Өз көлігін өзі жүргізген рульдегі орынбасары қостай жөнелді.

– Не айтқаныңыз! Өліп қала жаздадық қой. Осылар келіп-кеткенше бір өліп‚ бір тірілеміз. Өзіміздің ауылдың журналист баласының сөзі сөз-ақ қой.

Бірақ‚ «ауылдағының аузы сасық». Өз адамымызға жетпейді.
– Мына сөзіңді менен басқа ешкім естімесін.
– Беке‚ үйге ғой?
– Жоқ‚ роддомға тартшы. Біз де бір роддомға барып көрейік. Үйде қыздар да жоқ.
– Жеңгей осында ма еді?
– Иә. Түс ауа апарып тастағанбыз. Ұл туса қатынға алтыннан ескерткіш…
– Әлбетте.
«Москвич» зуылдап‚ аудандық аурухананың бір қапталын алып жатқан перзентхананың алдына келіп тоқтады.
– Сен кіріп‚ біліп келші.
Орынбасары іштей ызаланса да ештеңе дей алмай дөңгелек рульді уысынан серпи тастап‚ бірақ есікті жәй жауып‚ солай қарай мымырт адымдады.
Іле қайтып келді.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (19 оценок, среднее: 1,79 из 5)

Загрузка...