Айсана

Люблю читать иностран. лит; любимый автор Дафна де Морье, Сюгоро Ямомото; Перевела сказки и научные книги с русского на казахск. языке (издательство «Фолиант», Астана).


Эссе «Мен енді жетім емеспін»

синопсис

Бір күні әкем орнынан мүлдем тұрмай қалды деп көрші әйелге бардым. Ол маған «әкең бір орнынан қозғалмай қалмасын,  екінші жағына аударып салсаңшы», – деді. Үйіме қайтып келіп, әкемді орнынан қозғамақ болдым. Егер орнынан қозғасам одан әкеме бір жеңілдік болатын сияқты көрінді. Сегіз жастар шамасындағы кішкентай қызбын, бар күшіммен әкемді аударып жатқызбаққа әрекеттендім. Осы жатқан жатысында әруаққа ұқсап жатса да әкемді қозғауға шамам келер емес. Борша-боршам шығып әкемнің денесін орнынан қозғаған кезде жүрегім тас төбеме шықты. Әкемнің арқасы қатты қанталап кетіпті. Ырсиған қабырғаларының терісі дәкедей жұқарып, қарақошқылданып, қорқынышты көрінеді.

отрывок

Қаланың ескі бөлігімен кетіп бара жатып татар үйлер көрсем, көңілім алабұртып кетеді. Ол үй кімнің үйі болды екен, қандай адамдар тұрды екен, тағдырлары не болды екен деген ойлар шырмайды. Екі қабатты етіп салынған, терезелері қақпақты сондай татар үйлердің бірінде қалған өзімнің балалық шағым туралы үзік-үзік суреттерді қайыра еске түсірудің өзі кейде ұйқымды қашырса, кейде жанымды жылытады.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (11 оценок, среднее: 1,18 из 5)
Загрузка...